A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:00 0

Елде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдеріне салық салу тәртібі өзгермейді

Бүгін / Республика

Ұлттық экономика министрлігі ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-қа қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жобалық кеңсенің Салық Кодексін енгізу мәселесі жөніндегі отырысының бірінде Салық кодексінің 2-тармағының 7) тармақшасына және 484-бабының 5-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесі саналатын өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-ты 80 пайызға түзету мәселесі көтерілді.
— Ұлттық экономика министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының ережелерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесі саналатын өнім экспортталған жағдайда аталған түзету қолданылмайтынын хабарлайды. Мысалы, ұнды экспорттау кезінде ҚҚС-ты қайтару, ұн өңделген өнімге жататындықтан, салық заңнамасының талабын сақтай отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады. Осылайша, жаңа Салық кодексінің ережесі бойынша қайта өңдеу өніміне салық салудың бұрын қолданылған тәртібі сақталады, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив