A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:00 0

Ауылдардағы жұмыссыздар саны қанша

Бүгін / Республика

Еліміздің ауылдарындағы ресми жұмыссыздардың саны 162,3 мың адамды құрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жауабында айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 4 тоқсанда ауылдарда жұмыс күшінің саны 3,6 млн адам болды, оның ішінде 3,4 млн — жұмыспен қамтылған халық және 1,1 млн — өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары. Ауылдарда ресми жұмыссыздардың саны 162,3 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне шаққанда 4,6 пайыз мөлшерінде қалыптасты, — деді Аида Балаева.

Вице-премьердің дерегінше, 2025 жылы ауылдарда 174,7 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде:

— 107,2 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты;
— 28,9 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды;
— 28,2 мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша онлайн оқумен қамтамасыз етілді;
— халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5,6 мың адамға жаңа бизнесидеяны іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде гранттар берілді;

— 4,8 мың адам жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив