Биыл 18,2 мың жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
– Саланы жандандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қолжетімді ипотекалық құралдарды кеңейту сияқты мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда. Осы шаралар аясында өткен жылы 218 млрд теңгеге 14,5 мың жалдамалы пәтер сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілді. Сонымен қатар, 14 мыңнан астам «кредиттік тұрғын үйлерді» салу мен сатып алуға 140 млрд теңге бөлінді, - деді Ерсайын Нағыспаев.
Оның дерегінше, 10,5 мың жер учаскесіне инженерлік желі тартылды. 68 млрд теңгеге 2 және 5 пайыздық бес мыңнан астам жеңілдетілген ипотекалық несие берілді.
– Сондай-ақ «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясында 233 млрд теңгеге 8,6 мың несие берлді. Осы жылы да жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алу арқылы шамамен 11,5 мың кредиттік тұрғын үй салу мен сатып алуға 155 млрд теңге қаражат жұмсау және 18,2 мың жеңілдетілген ипотекалық несие беру жоспарлануда, - деді министр.
Пікірлер