A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 13:00 0

Елімізде донорлыққа келісімін бергендердің саны 3 есеге жуық өсті

Бүгін / Республика

2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі.
Жалпы алғанда, кейінгі үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артқан: 
• 2023 жылы – 4 991 адам,
• 2024 жылы – 7 242 адам,
• 2025 жылы – 12 671 адам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив