A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Бүгін / Республика / Спорт

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары жарысында қола жүлде жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты. Бұл – Қазақстан құрамасының Паралимпиададағы алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Парашаңғышы Ербол Хамитов додада жоғары шеберлігін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді. Отандасымыз 2:29.9 уақыт нәтижесімен мәреге жетіп, тартысты бәсекеде қола жүлдені иеленді.

Бұл жарыста алтын жүлдені 2:28.9 нәтижесімен қытайлық Цзысюй Лю жеңіп алса, күміс жүлде 2:29.6 уақыт көрсеткен бразилиялық Кристиан Вестемайер еншісіне бұйырды.

Ербол Хамитовтың бұл жетістігі – тек жеке спортшының ғана емес, бүкіл Қазақстан спортының жеңісі. Ол табандылық пен қайсарлықтың, рух мықтылығының айқын үлгісін көрсетті. Паралимпиада жолындағы әрбір секундтық күрес, әрбір метрлік қашықтық үлкен ерік-жігер мен қажырлы дайындықтың нәтижесі екені белгілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив