A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:10 0

Референдум-2026: Қазақстандықтардың 19,21%-ы дауыс берді

Бүгін / Республика

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша өңірлерде дауыс беру қарқыны әртүрлі деңгейде қалыптасып отырғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілетеме жасап. 

Кейбір аймақтарда азаматтардың белсенділігі жоғары байқалса, енді бір өңірлерде келушілер саны салыстырмалы түрде төмендеу.

Мәселен, таңғы уақыттағы дерекке сәйкес Қарағанды облысы 26,64 пайыз көрсеткішпен ең белсенді өңірлердің қатарынан көрінді. Сондай-ақ Қызылорда облысында келу деңгейі 24,02 пайызды, Түркістан облысында 21,21 пайызды, Шымкент қаласында 21,36 пайызды, Ақтөбе облысында 21,80 пайызды құрады.

Жетісу облысында бұл көрсеткіш 21,01 пайыз болса, Ұлытау облысында – 20,31 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 20,64 пайыз. Астана қаласында дауыс беруге келгендердің үлесі 20,68 пайызға жетті.

Ал Абай облысында – 17,98 пайыз, Алматы облысында – 18,10 пайыз, Жамбыл облысында – 18,49 пайыз, Маңғыстау облысында – 18,53 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 18,80 пайыз деңгейінде тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында – 18,72 пайыз, Ақмола облысында – 19,82 пайыз, Атырау облысында – 19,44 пайыз, Қостанай облысында – 19,24 пайыз болды.

Павлодар облысында азаматтардың келуі 16,36 пайызды құрады. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, 9,54 пайыз болды.

Жалпы республика бойынша сағат 10.00-дегі жағдаймен 2 393 844 азамат бюллетень алып үлгерген. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 19,21 пайызына тең.

Орталық референдум комиссиясы өңірлерден түсіп жатқан ақпаратты жинақтап, қоғамға жедел жеткізіп отыр. Ақпарат құралдарының өкілдері де комиссия жұмысын тұрақты бақылап, әр сағат сайын дауыс беру барысы мен учаскелерге келіп жатқан азаматтар саны туралы мәлімет таратуда. Келесі ақпарат сағат 12.00-де жарияланады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив