A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:00 0

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін / Республика

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.
Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
1. Балаларға арналған үздік кітап;
2. Үздік комикс;
3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
4. Детектив жанрындағы үздік кітап;
5. Сатира жанрындағы үздік кітап;
6. Үздік иллюстрациялық кітап;
7. Үздік аударма кітабы;
8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;
9. Үздік баспа;
10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив