A+ A A-

talgatzhan 65 Бүгін, 11:00 0

Қазақстан байрағы әлемдегі ең үздік мемлекеттік ту деп танылды

Бүгін / Республика

Reddit платформасындағы Flags of the World Tournament онлайн-турнирінде қолданушыларының басым бөлігі Қазақстан туына дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Аталған байқауда мемлекеттік байрақтардың әсемдігіне мән берілді. Нәтижесінде, Қазақстан туымен өзге елдердің мемлекеттік рәміздері теңесе алмады.
— Қазақстан — біздің чемпион! Баршаңыз дауыс беріп, бұл әлемдегі ең үздік ту деп шештіңіздер! — делінген жарияланымда.
Екінші орынға Кирибати туы, ал үшінші орынға Бутан байрағы лайық деп танылды.
Турнирде 64 елдің туы қарастырылды. Әр раундта байрақтар дауыс беру арқылы келесі кезеңге өтіп отырды. Өтпегендері байқаудан шығып қалды. Алтыншы раундта, яғни финалда Қазақстан байрағы Кирибати рәмізінен басым түсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив