A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 10:45 0

Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Бүгін / Басты / Республика

Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 192 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады, — деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Оның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 666 адам немесе 87,15 пайыз болды.

— Референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны — 898 099 адам. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны — 127 868. Белгіленбеген үлгідегі сондай ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны — 146 558. Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады, — деді Нұрлан Әбдіров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив