A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 18:00 0

Пациенттер енді қызмет сапасын өздері бақылай алады

Бүгін / Республика

Елімізде медициналық қызметтерді QR-код арқылы бақылау үшін qalqan экожүйесі енгізіледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Qalqan цифрлық экожүйесін енгізу медициналық қызметтерді растау процесіне науқастарды тартуға және жалған тіркеулерді жоюға мүмкіндік береді. QR-кодтарды пайдалану және мобильді қосымшалармен интеграциялау арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі ашықтықтың жаңа тетіктері туралы «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басшысы Жанасыл Оспанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда медициналық ұйымдар БСН бойынша жүйеде авторизациядан өтіп, өздерінің өндірістік базасын цифрландыруда. Нәтижесінде үш деңгейлі сәйкестендіру жүйесі: ғимараттың, медициналық бөлімшенің QR коды және емдеуші дәрігердің жеке коды қалыптасады. Науқас тек қосымшаны ашып, осы QR кодты сканерлеп, көрсетілген қызметтердің дұрыстығын тексеруі керек.
— Көрсетілген медициналық қызмет бойынша ақпарат кейіннен хабарлама арқылы пациенттің жеке кабинетіне түседі. Алайда ақпараттар медициналық қызмет туралы ғана емес, сонымен қатар қызмет құны мен қаржыландыру көздері бойынша да беріледі. Осылайша, егер қызметті МӘМС шеңберінде алғаны туралы хабарлама келіп түссе, ал науқас қызмет ақысын өз қалтасынан төлеген жағдайда аталған қосымшада бірден шағымдануына болады, — деп атап өтті Жанасыл Оспанов. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив