A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:00 0

"Диплом алуға көмектесемін": Абай облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

Бүгін / Республика

Полицияға Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны жүгініп, 2025 жылдың ақпан айында алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында 44 жастағы әйел диплом алуға көмектесемін деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның 600 мың теңге қаражатын иемденгені анықталды. Алайда уәде етілген құжат берілмеген.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив