A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

СІМ шетелде жүрген азаматтарға арналған паспорт рәсімдеу ережесін жаңартты

Бүгін / Республика

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін едәуір қысқартуды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты екі есеге жуық азаймақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы ережелерге енгізілетін бұл түзетулер халықаралық стандарттар мен цифрландыру талаптарына негізделген. Осылайша бұған дейін айлап күтетін қызмет енді санаулы апта ішінде көрсетілмек.
– Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуға бағытталған өзгерістер жобасын дайындады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Сонымен қатар ережелерді қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заңға және Цифрлық кодекске сәйкес келтіру үшін редакциялық түзетулер енгізілуде, - делінген құжатта.
Айта кетейік, аталған жоба 6 сәуірге дейін Ашық НПА порталында талқылауда болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив