Елде шамамен 60 мың көппәтерлі тұрғын үй бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, олардың техникалық жағдайын талдау тұрғын үй қорының бір бөлігін жүйелі түрде жаңғырту мен жөндеуді қажет ететінін көрсетеді.
— Атап айтқанда, көппәтерлі үйлердің 67%-ы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Бұл ретте қалған тұрғын үй қоры қосымша жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді, — делінген хабарламада.
Министрлік атап өткендей, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат қолданыстағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық жайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл шаралар өз кезегінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Пікірлер