
Жаңбыр, найзағай: Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2026 жылғы 21 сәуірде еліміздің 10 облысының тұрғындарына қолайсыз күн райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетіп, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері маңында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батыс бағытына ауысады, солтүстік аймақтарда екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында шығыс, орталық және таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с болады. Қонаев қаласында да желдің екпіні осы деңгейде сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандары) да жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс желі түнде облыстың солтүстік-шығысында 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтау қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыс және солтүстік-батыс бағыттан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавл қаласында да күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және жел күтіледі. Таулы өңірлерде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі жарияланған. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс орталығында да осындай ауа райы болжанып отыр.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер