A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 10:00 0

Елімізде жаттығу залы абонементінің орташа бағасы қанша

Бүгін / Республика

Жаз жақындағанда адамдар дене бітіміне көңіл бөліп, жаттығуды арттырады. Әсіресе фитнес залдарына барғанды ұнатады. Бұл қызмет үшін кейбір өңірде көп шығындалуға тура келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Баға қалай түзіледі
Фитнес клубы пен жаттығу залы қызметінің бағасына бірнеше фактор әсер етеді. Алдымен баратын жеріңіздің деңгейі маңызды. Аты көпке мәлім, кең танымал жаттығу залдарының бағасы да жоғары болады. Ал ішіндегі жаттығу орындарының өзгеден айырмашылығы сезіле бермейді. Сонымен бірге абонемент бағасы айына неше күн залға баратыңызға да байланысты. Ең көп таралғаны айына 8, 10 және 12 жаттығу. Егер фитнес залға бармасаңыз, бар ақшаңыз күйіп кетеді. Сонымен бірге лимитсіз қызмет те бар. Оның бағасы өзгеге қарағанда жоғары. Тағы бір айта кетерлік жайт, кейбір залда баға күндізгі және кешкі болып екіге бөлінеді. Арнайы әйелдерге, ерлерге бөлек қызмет көрсететін жабық фитнес клубтар да сұранысқа ие. Егер қосымша қызмет, мәселен, сауна болса құны көтеріле береді. Жеке жаттықтырушы қызметінің құны оның қаншалықты танымал екеніне байланыс болады. Жаттықтырушы неғұрлым танымал болса, бағасы өсе береді. Ал қызметін жаңа бастаған жас жаттықтырушылар айына 15-20 мың теңге алады, кейбірі бір ғана жаттығуға осы ақыны сұрайды. Қазіргі кезде еліміздің барлық қаласынан жаныңызға қалаған, өзіңізге ұнаған жаттығу залын таба аласыз.
Жаттығу бағасы
Бағаны салыстыру үшін ай сайын 8, 10 және 12 жаттығуы бар абонементті таңдадық. Ең арзаны Қызылорда қаласында. Мұнда абонемент бағасы 5 000 теңгеден басталады, кейбірінде 25 000 теңге болып тұр. Одан кейінгі орында Тараз бен Павлодар қалалары тұр. Мұнда ай сайынғы жаттығу қызметінің құны 6 000 теңге және одан жоғары. Өскемен мен Астана қаласында да баға алысқа кетпеді, бір адамға абонемент бағасы 7 000 теңге және одан жоғары. Елордада кейбір фитнес клубы мен жаттығу залының ай сайынғы қызметі кейде 50 000 теңгеге жетеді. Одан да қымбаты табылады.
Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды мен Жезқазғанда абонемент бағасы 8 000 теңгеден басталады. Петропавлда 9 000 теңдеден бастап, кейбіріндегі баға 17 000 теңгеге жетті.
Жалпы Қазақстан бойынша ең кең тараған әрі төмен баға – 10 000 теңге. Мұндай баға Шымкент, Семей, Қостанай, Атырау, Орал мен Алматыда тіркелді. Елордадағы секілді еліміздің оңтүстік астанасында да баға кейде бірнеше ондаған мыңға жетеді. Мұнда жаттығу залы, фитнес залы өте көп әрі қаладағы шағын аудандардың бәрінде бар.
Ақтау қаласының жөні бөлек. Мұнда бір айлық абонемент бағасы 11 000 – 25 000 теңге аралығында. Ал Көкшетау қаласында баға 12 000 – 27 000 теңге аралығында болып тұр. Талдықорған қаласындағы абонемент бағасы бәрінен жоғары. Мұнда ай сайынғы қызмет құны – 16 000 – 25 000 теңге аралығында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив