A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда АЕК-ті есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін

Бүгін / Республика

Үкімет айыппұлдар, бала күтіміне берілетін жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер есептелетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшерін айқындау тәсілдерін қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, АЕК Салық, Әлеуметтік, Кәсіпкерлік кодекстерде және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте мөлшерлемелерді есептеу үшін қолданылады.

(АЕК – ред.) Салық, Әлеуметтік, Кәсіпкерлік кодекстерде және ӘҚБтК-де мөлшерлемелерді есептеу үшін пайдаланылады. Бірыңғай көрсеткішті алып тастау немесе оны бірнеше есептік бірлікке бөлу ондаған жаңа есептік көрсеткіштердің пайда болуын, түрлі әдістемелер енгізуді, заңнамада жүздеген қолмен жасалатын өзгерістерді және әкімшілендіру шығындарын талап етеді. Жалпы алғанда, Үкімет АЕК-ті қолдану тәсілдерін жетілдіруге бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін реформаны қарастыруға дайын, – деп жазды Серік Жұманғарин Facebook парақшасында.

Министрдің сөзінше, бұл мәселе әлеуметтік-экономикалық және құқықтық факторларды ескере отырып, жан-жақты әрі салмақты қарауды қажет етеді.

АЕК-ті реформалау мүмкіндігі туралы сұрақты Үкіметке Асқар Айсауытов жолдаған.

АЕК-ті реформалау ұсыныстарына қатысты түрлі пікірлер келіп жатыр. Оның ішінде қолдану механизмін өзгерту немесе мүлде алып тастау туралы ұсыныстар бар. Бірақ сіз (Асқар Айсауытов) өзіңіз де айтып отырғандай, мәселе МРП-дан бас тартуда емес. Бұл көрсеткіш еліміздегі екі Конституциялық заңда, 15 кодексте және 70 заңда қолданылады, – деді вице-премьер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив