2026 жылғы сәуір айында айлық инфляция 0,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы — 0,7%, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтер бағасы — 0,9% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Азық-түлік тауарлары арасында банандар мен апельсиндер бағасы — 3%, көк шөп пен үрме бұршақ — 0,6%, зефир — 0,5%, кептірілген өрік 0,4% төмендеді.
Жүзімдер 5,6%, сары май мен карамель — 1,2%, картоп — 0,8%, сүзбе — 0,6%, орамалар, кекстер — 0,4%, лимон мен жасымық 0,3% қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарлардан кір жуғыш машиналар 1,2%, парацетамол — 0,8%, контактілі линзаларға арналған ерітінді — 0,7%, блендер — 0,6%, теледидарлар 0,4% арзандады. Бағаның өсуі қол сағаттарына — 4%, цементке — 2,4%, жеке гигиена тауарларына — 1,5%, жуғыш және тазартқыш құралдарға — 0,7% байқалды.
Ақылы қызметтер саласында туристерге арналған медициналық сақтандыру — 1,9% арзандады. Клининг қызметтері 0,8%, косметолог қызметтері — 0,7%, компьютерлер мен ноутбуктарды жөндеу 0,3% қымбаттады.
Жылдық есепте 2026 жылғы сәуірде инфляция 10,6% құрап, наурыз айымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік тауарлар — 11,3%, ақылы қызметтер — 8,9% өсті.
Жылдық мәнде қырыққабат бағасы — 24,4%, сарымсақ — 7,8%, қызылша — 4,7%, банандар 1,7% арзандады. Алмұрт 10,8%, бал — 9,1%, мармелад — 7,6%, ашытқы — 7%, құмшекер — 4,2% қымбаттады.
Бір жыл ішінде үтіктің бағасы 20,7%, тіс пастасы — 14,6%, зарядтау құрылғылары — 6,8%, дастархан — 6,4%, ас үй пышағы — 2,5% өсті. Заңгерлік қызметтер 10%, байланыс қызметтері — 3,2% қымбаттады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары — барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
Пікірлер