A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:50 0

Семейде қараусыз жүрген ит-мысықты аулауға 22 млн теңге бөлінбек

Бүгін / Республика

Қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері көшедегі қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулайтын мердігер іздеп жатыр. Бұл жұмысқа 22,5 миллион теңге бөлу жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін 3 438 ит және 50 мысық аулануы керек. Бұл жерде сөйлеп тұрған сандар санаға түрлі сауал ұялатты. Мәселен, бөлінген 22 553 017 теңгені барлық жануар санына (3 488) бөлсек, бір жануарға шамамен 6 465 теңгеден келеді. Осы ақшаға жануарды ұстау, тасымалдау, суретке түсіру, жүйеге тіркеу және кей жағдайда ұйықтату (өлтіру) жұмыстары кіреді.
Қызығы мынада – мердігер 24 сағат ішінде шақыртуға алып-ұшып жетуі тиіс. Жануарларды ұстау үшін арнайы құралдар – жұмсақ ілмектер, торлар, ұстағыштар қолданады. Әр жануардың түрлі-түсті суреті түсіріліп, «TAÑBA» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Егер иттер үштен көп болып топтасса, оларды «адамгершілікке» салып, ың-шыңсыз түрде ұйықтатуға рұқсат беріледі.
Жалпы, талаптар өте күрделі. Мұндай ақшаға мердігерге әрі үнемшіл, әрі барлық жұмысты қатар атқаратын маман болу керек.
Жануарларды тек адамға шабуыл жасаса немесе қауіп төндірсе, не болмаса үштен көп болып топтасса ғана өлтіруге болатыны құжатта нақты көрсетілген. Қалған жағдайда оларды жарақаттауға болмайды.
Сонымен қатар мердігер барлық ұсталған жануарды тіркеп, арнайы журнал жүргізіп, әрқайсысын суретке түсіруі қажет. Яғни, көше кезіп жүрген әр иттің «TAÑBA» жүйесінде өз дерегі болады.
Бірақ техникалық талаптарда жануарларды қалай күту керек екені (тамақ беру, қанша уақыт ұстайды, орын көлемі) нақты жазылмаған. Тек ұсталған жануарларды кейін қайтадан өздері ұсталған жерге жіберу қарастырылған.

Гүлназ БАЙНАЗАРОВА (Фотосурет ашық дереккөзден)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив