Шығыс Қазақстан облысының экологтері жарылыс болған «Казцинк» кәсіпорнында ауа сапасына жүргізілген тексеру қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Казцинк» кәсіпорнында болған жарылыстан соң әлеуметтік желіде халыққа көшеде жүруге болмайтыны, ауаның ластанғаны туралы түрлі ақпарат тарап кетті.
ШҚО Экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, мамандар оқиға орнына шұғыл барып, тиісті жұмыстарды қолға алған.
— Қажетті талдаулар мен өлшеулер жүргізіліп, соның нәтижесінде рұқсат етілген нормалардың аздаған асып кетуі тіркелгенімен, қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі анықталған жоқ. Халық үшін ешқандай қауіп пен тәуекел жоқ, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Пікірлер