Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары «Қазақойл-коммерция» ЖШС-де мұнай және мұнай өндіру саласының сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жекеменшік коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жылдары – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары – Қызылорда қаласының, Қызылорда облысының әкімі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылғы 7 сәуірден бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.
Пікірлер