A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:00 0

Еліміздің қай өңірінде ерлер көп — ресми статистика жарияланды

Бүгін / Республика

Қазақстанда 10 044 673 ер азамат бар. Олардың барлығы ертең Отан қорғаушылар күніне орай құттықтаулар қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында ерлердің жас құрылымы мен өңірлер бойынша таралуы белгілі болды. Еңбекке қабілетті жастағы (16–60 жас) ерлер жалпы үлестің 56,5%-ын құрайды. Балалар (0–15 жас) — 30,2%, ал 61 жастан жоғары азаматтар — 13,3%.
Өңірлер бойынша ерлер ең көп шоғырланған аймақтар қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр — әрқайсында шамамен 1,1 млн ер адам бар. Одан кейін Алматы облысы (806,5 мың) және Астана қаласы (785,4 мың) орналасқан.
Ер азаматтардың орташа жасы — 31,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 72,19 жыл.
Еңбек нарығындағы үлесі
2025 жылғы деректерге сәйкес, жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі 51,6%-ды немесе 4,8 млн адамды құрайды.
Жалдамалы жұмысшылар арасында — 50,6%
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында — 55,1%
Жеке кәсіпкерлер арасында — 54,7%
Салалар бойынша ерлер көбіне өнеркәсіпте (16,5%), көтерме және бөлшек саудада (14%), ауыл шаруашылығында (12,4%), сондай-ақ көлік және қойма саласында (11,1%) жұмыс істейді.
Ең белсенді еңбек жас тобы — 35–44 жас аралығындағы ерлер, бұл санатта 1,4 млн адам бар.
Танымал есімдер
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ер балаларға ең көп қойылған есім — Алан (817 жағдай). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі тіркелген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив