A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:00 0

Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті

Бүгін / Республика

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,6%-ға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады.

Экономиканың қалпына келуіне негізгі серпін өңдеу өнеркәсібінен берілді. Бұл сектордағы өндіріс көлемі 9,9%-ға артқан.

Машина жасау саласында өсім 23,3%-ды құрады. Бұған көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауарлары мен жабдықтарын өндіру көлемінің ұлғаюы әсер еткен.

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп көлемі 2,3 есе өсті.

Бұдан бөлек:
– жиһаз өндірісі – 41,7%-ға;
– фармацевтика – 35,2%-ға;
– құрылыс материалдарын өндіру – 27,7%-ға;
– химия өнеркәсібі – 18,4%-ға;
– азық-түлік өндірісі 14,4%-ға артқан.

Жалпы, жыл басынан бергі төрт айда экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Ең жоғары өсім көрсеткіштері:
– құрылыс саласында – 114,5%;
– көлік және қоймалауда – 112%;
– өңдеу өнеркәсібінде – 109,9%;
– саудада – 105,1%;
– ауыл шаруашылығында – 103,6% болды.

Осылайша, ЖІӨ өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес секторлардың, әсіресе құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібі рөлінің күшейгенін көрсетіп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив