A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:00 0

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Бүгін / Республика

Мемлекеттік кірістер комитеті соңғы уақытта өзін комитет қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон шалатын алаяқтардың көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, белгісіз тұлғалар салық төлеушілерге хабарласып, қызмет түрін шұғыл растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтады.

Осы сылтаумен олар азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, электронды цифрлық қолтаңба деректерін және басқа да жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.

– Алаяқтар «қызметті әр екі жыл сайын растау қажет» деген желеумен e-Salyq немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, талап орындалмаған жағдайда қызмет тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады, – деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитет телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк карталарының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейтінін атап өтті.

Ведомство азаматтарды сақ болуға және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив