A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:00 0

Бүгін Қазақстанда 145 мыңнан астам мейіргер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

Бүгін / Республика

Бүгін, 12 мамырда әлемде Халықаралық мейіргер күні аталып өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде пациенттерге күтім көрсетіп, саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп отырған 145 мыңнан астам маман бар.

Мейіргерлер — медицина қызметкерлерінің ең көп санаттағы тобы. Олар пациентті алғашқы қабылдаудан бастап емдеу мен оңалтуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеп, медициналық көмектің сапасы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Бүгінде елдің денсаулық сақтау жүйесінде орта буынның 188 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді, олардың 145 мыңнан астамы — мейіргер.

50 мыңнан астам маман ауылдық жерлерде, ал шамамен 65 мыңы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде жұмыс істейді. Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде кеңейтілген мейіргерлік тәжірибе белсенді дамып келеді. Мейіргерлер созылмалы аурулары бар пациенттерді жүргізуге, профилактикаға, динамикалық бақылауға және консультация беруге қатысып, алғашқы көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға үлес қосып келеді.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, кадр даярлауды 94 медициналық колледж жүзеге асырады, оның ішінде мейіргер ісі бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыратын 42 жоғары медициналық колледж бар. Қазіргі таңда колледждерде 109 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Қазақстанда — кіші мейіргерден бастап «бакалавриат – магистратура – докторантура» бағдарламаларына дейін мейіргер ісі мамандарын даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Мейіргерлердің еңбегі медициналық көмектің сапасын арттыру мен халық денсаулығын сақтаудың негізгі факторларының бірі болып қала береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив