Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болды. Суық ауа массаларымен толығып отырған бұл антициклон алдағы күндері де өз ықпалын сақтап, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасының нөлден төмен болуына әсер етеді. Антициклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын, 13 мамыр түні оңтүстік-шығыс өңірлерде де үсік жүруі күтіледі, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, ТЖМ да ауа райына қатысты дауылды ескерту жариялады.
Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында кей уақыттарда жауын-шашын болжанады.
Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кей жерлерде жаңбыр аралас қар күтіледі.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман болжанады.
Пікірлер