A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 09:00 0

Жаңбыр, күшті жел және үсік: Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК-сі 13 мамырға Астана мен 16 өңірде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с.

Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жауын-шашын облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірдің оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыста жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста түнде 2 градус үсік жүреді. Бірқатар ауданда өрт қаупі жоғары болады.

Ақтөбе облысында желдің екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің оңтүстігі, солтүстігі және орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының батыс бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аудандарда шаңды дауыл көтеріледі. Жел 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр аралас қар жауады. Ауа температурасы 1–6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Облыс орталығында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі. Шығыста түнде 1 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел екпіні 15–20 м/с.

Абай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс пен оңтүстікте 3 градус үсік болуы мүмкін. Шығысында өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысының таулы өңірлерінде тұман түседі. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Батыс бөлікте өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Кей аумақта жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өңірдің батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив