A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:00 0

Енді қазақстандық боксшылар 11 жастан жарысқа қатыса алады

Бүгін / Республика / Спорт

Туризм және спорт министрлігі спорттық резервті даярлау және жоғары дәрежелі спортшыларды іріктеу процесін реттейтін 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрыққа түзетулер енгізді,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес, спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшеріне қатысты өзгерістер жасалды. Бұдан былай боксшылар 11 жастан бастап жарыстарға қатысатыны белгіленді. Бұл шешім жас спортшылардың денсаулығын сақтау және жарыс жолына дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін боксшылар 13 жастан бастап ресми түрде жарыс алаңына шығу мүмкіндігіне ғана ие болған. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив