Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған жаңа қоймалар салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру және қойма жалдауға кететін шығынды азайту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
– Осыған байланысты Ақтөбе, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Семей қалаларында меншікті қоймалар салу жоспарланып отыр, - деді Тимур Мұратов.
Вице-министрдің сөзінше, дәрілік заттарды сатып алу процесінің ашықтығын күшейту үшін логистикалық және функционалдық бақылаудың 40 параметрі енгізілген. Соның 15 параметрі 2024-2026 жылдар аралығында іске қосылған.
Ол бұл шаралар дәрі-дәрмек сатып алу жүйесін тиімді етуге және халықты қажетті препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Пікірлер