A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:00 0

Елде қанша әуе көлігі тіркелген

Бүгін / Республика

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел азаматтық авиация субъектілерін тексеруге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Қазақстанда әуе кемелерін пайдаланатын 104 оператор жұмыс істеп тұр. Бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе көлігі тізілімінде 973 әуе кемесі тіркелген. Елде 25 әуежай, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде 28 ұйым, 21 авиациялық оқу орталығы сертификатталған, — деді Майкл Дэниел Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылы мен 2026 жылдың бірінші тоқсанында азаматтық авиация саласы субъектілеріне 1202 тексеру жүргізіп, 1234 сертификат пен куәлік берді.

— Осы тексерістердің нәтижесінде жеті әуе компаниясына қатысты сертификаттарды уақытша тоқтату немесе қайтарып алу жөнінде шешім қабылданды. Ал төрт авиациялық оқу орталығының жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар 8 аэродромға қатысты 15 шектеу енгізілді, — деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив