A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 15:00 0

Былтыр спорт және ойын-сауық қызметтері 878,1 млрд теңгеге жетті

Бүгін / Республика

Бүгін — Дүниежүзілік адал ойын күні. Осы атаулы күннің құрметіне Ұлттық статистика бюросы спорт саласының дамуына қатысты деректерге тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен бұл күн спорттағы адалдық, достық пен ашықтық қағидаттарын насихаттайды. Бұл бастама 2013 жылы Panathlon ұйымының іс-шараларынан бастау алып, Fair Play халықаралық қозғалысының қолдауымен кең тарады.

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 878,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3% артық.

Салалар бойынша бөлінісі мынадай:

  • Спорт саласындағы өзге қызмет түрлері — 159,4 млрд теңге;

  • Фитнес-клубтардың қызметі — 79,7 млрд теңге;

  • Спорт клубтарының қызметі — 67,3 млрд теңге;

  • Спорт нысандарын пайдалану — 46,7 млрд теңге;

  • Ойын-сауық саябақтарының қызметі — 34,0 млрд теңге.

Ең үлкен үлес — 55,3%, яғни 485 млрд теңге, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға қатысты өзге қызмет түрлеріне тиесілі.

Аймақтар бойынша ең көп қызмет көлемі Алматы қаласында тіркелді — 379,8 млрд теңге, кейін Астана қаласы — 135,5 млрд теңге және Алматы облысы — 38,7 млрд теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив