A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау толық автоматтандырылады

Бүгін / Республика

Қазақстанда мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі толық цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғар мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, негізгі өзгерістердің бірі — мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісін «е-Қызмет» цифрлық жүйесі арқылы толық автоматтандыру. Енді кадрларды іріктеу мен басқару процестері цифрлық форматта жүзеге асырылады.

— Бұл ашықтықты және үміткерлердің мемлекеттік қызметке барлық саладан келуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар егер лауазым 3 айдан артық бос болса, «е-Қызмет» жүйесінде автоматты түрде конкурс жарияланады, — деді Ербол Жолданғар Астана қаласы коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қажетті кадрларды ерте кезеңнен даярлау тетігі енгізіледі. Атап айтқанда, жоғары білімнің жекелеген мамандықтары мен білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға қабылдау конкурстық тәртіппен жүзеге асырылмақ.

— Мұндай тәсіл мемлекеттік аппараттың нақты қажеттілігіне сай жас мамандарды алдын ала даярлауға мүмкіндік береді, — деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, жас әрі талантты мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында мемлекеттік қызметке кіруге дайындық институтын енгізу көзделіп отыр. Аталған институт мемлекеттік функцияларды тиімді орындауға қажетті негізгі құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру, оқыту және тәрбие іс-шараларының кешенін қамтиды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив