A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:00 0

Жазда пойызбен қай бағыттарға сұраныс жоғары

Бүгін / Республика

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жазғы маусымдағы танымал теміржол бағыттарын атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жазғы маусымда жолаушылар арасында Алакөл және Балқаш көлдеріне, Каспий теңізі жағалауына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай курорттық аймағының бағыттары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие.

Алакөл

Ең сұранысқа ие курорттық бағыт Алакөл көлінің жағалауы болып қалып отыр. Курорттық аймаққа Астана, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарынан 15 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. 10 маршрутқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ, тағы 2-іне жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға 230 мыңға жуық орын ұсынады. Алакөлге дейінгі барлық пойыз вагондары ауа баптағыштармен жабдықталған. 

Балқаш

Балқаш көліне пойыздар 8 маршрут бойынша жүреді. Жазғы кезеңде осы бағыт бойынша жолаушылар ағыны орта есеппен 45 мың адамды құрайды. 

Бурабай

Бурабай курорттық аймағына дейін 16 маршрут бойынша пойыздар қозғалысы ұйымдастырылды. Жазда бұл бағыттағы жолаушылар саны орта есеппен 65 мыңға жетеді.

Түркістан

Түркістанға 16 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. Мұндай жазғы маусымда жолаушылар ағыны шамамен 60 мыңнан асады.

Ақтау

Ақтауға дейін пойыздар 7 маршрут бойынша жүреді. Жазда жолаушылар ағыны орта есеппен 155 мың адамға жетеді. 

Сарыағаш

Сарыағашқа 5 пойыз қатынайды. Жазғы кезеңде жолаушылар ағыны 9,5 мыңға жуықтайды. Теміржол маршруттарының ең көп саны Астанаға тиесілі — 36. Оларды ай сайын орта есеппен 130 мыңға жуық жолаушы пайдаланады.

Оңтүстік бағытқа қатынайды: 

— Алматыға дейін 26 маршрут;

— Шымкентке дейін 18 маршрут.

Ай сайынғы жолаушылар ағының құрайды:

— Алматы — 155 — 160 мың жолаушы;

— Шымкент — 70 мыңға жуық жолаушы.

Жазғы кезеңде пойызбен барлығы 4,2 млн-нан астам жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив