Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай болады.
27 мамырда еліміздің батысында, 27-28 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында, 28 мамырда солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.
26-27 мамыр түндерінде елдің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Температуралық фон біртіндеп төмендейді: күндіз батыста +16…+28°С, солтүстікте және орталықта +18…+25°С, шығыста +23…+30°С, ал оңтүстікте +20…+27°С болады.
Пікірлер