"Түркітілдес журналистер қоры" қоры Halyk Bank серіктестігінде Өскеменде қазақ журналистері үшін семинар-тренинг өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Семинар-тренинг барысында:
- Жасанды интеллект пен медиа этика;
- Фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware,
- Dата журналистика: Grok, Gemini,
- «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау
- «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыптарында білім алуға мүмкіндік бар.
Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастыруды да үйренеді. Halyk Bank ШҚО облыстық филиалының директоры Сәуле Мусаханова БАҚ өкілдеріне Halyk Bank жаңа өнімдері, қаржылық алаяқтықпен күрес жолдары және алаяқтықтың алдын алу шаралары жайлы ақпарат береді.
Семинар 31 шілде күні Өскеменде өтеді. Қатысу тегін.
Пікірлер