Тоқты
Соңғы уақытта Тоқтылардың әр ой-пікірі көпшілік назарын аудартып, айтылған сөздері елді елең еткізіп-ақ келеді. Мұның сыры неде? Бәлкім, шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, яки болмаса кітап оқуға деген құлшынысыңыз болар...
Торпақ
Жұлдыздар денсаулығыңызға мән беруге кеңес береді. Күш-қуатыңызды азайтар жұмыстарды ысыра тұрып, жүктемелерді әріптестеріңізбен бөліскеніңіз жөн. Жоспардан тыс әрекет жасасаңыз, ісіңіздің ілгерілеуі екіталай.
Егіздер
Аптаның басты жаңалығын жұмыста отырып естисіз. Жағымды ма, жағымсыз ба, беймәлім. Ал ең бастысы, қандай тірлікті қолға алсаңыз да еркіндікке ие боласыз. Ниетіңіз түзу болса, ойлағаныңыз бірден орындалады.
Шаян
Ауыз толтырып айтарлық өзгеріс жоқ, тек кейбір істерге қадам басқанда жан-жақты ой иіріміне түсуге тура келеді. Мұның басты себептерінің бірі – жан-жарыңыздың көптен бері айта алмай жүрген құпиясын ашуы немесе балаңыздың әсіре еркелігі.
Арыстан
Арыстан үшін де шығармашылық кезеңнің бастауы осы кезең болмақ. Кейде тарихқа көз жүгіртуді жөн санайсыз, кейде қоғамда болып жатқан жаңалықтарға құлақ түресіз. Барлығы да тым таңсық, айтарлықтай алдамшы болып көрінуі мүмкін.
Бикеш
Өзіңізді сергек сезінуіңіз үшін демалыс күндері жақсылап тынығуды әдетке айналдырыңыз. Бастысы, жүйкеңізге салмақ түсірер жайттарды көкдөнен көңіліңізден ысырып, күш-қайратыңызды толықтыра түсіңіз.
Таразы
Кейде тек осы сәтпен ғана өмір сүру дұрыс көрінеді. Сіз де мұнымен келісесіз. Маңызды шаруаны қолға алсаңыз еш өкінбеңіз, алайда асығыстық танытамын деп көпшілік сынына ұшырап жүрмеңіз.
Сарышаян
Түрлі салада жеңіске жетуіңіз қазір танытар белсенділігіңізге байланысты. Сол себепті қауырт тірлікке бүгіннен бастап кіріскеніңіз дұрыс. Қанша жерден қиын болса да қателесемін деп мұңаймыз.
Мерген
Тым қиын жоспар құрып қажеті жоқ. Мергендер табиғатынан тәуекелшіл келсе де, болмашы қателік барлығын құртуы кәдік. Демалыс күндері достарыңызбен жолығуды ұмытпаңыз.
Тауешкі
«Жас келсе – іске» демекші, Тауешкілердің талайы қазір қызмет баспалдағымен өрлеуге ерекше құлшыныс білдіруде. Әсіресе, жастар қауымы белсенді. Жалғызбасты жігіттер үшін өмірлік серігін жолықтыруға тамаша мүмкіндік туындайды.
Суқұйғыш
Алаңсыз, ешнәрсеге қам жемейтін уақыттардың бірі қазір. Құдды бір уақыт тоқтап, барлығы тек сіздің ыңғайыңызға жасалғандай. Махаббат кемесіне мінгендердің көтерген желкені берік болмақ.
Балықтар
Кәсіби және қаржылық тұрғыда бастама танытсаңыз, сәтімен болмақ. Алайда бұл үшін көшбасшылық қабілетіңізді қосып, жеке шеберлігіңізді шыңдай түсіңіз. Егер тапсырма тым күрделі болса, жақындарыңыздың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
Пікірлер