Оған себеп — бірнеше күн бойы жалғасып келе жатқан аптап ыстық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай орман шаруашылығы басқармасының аумағында мемлекеттік орман қорына кіруге уақытша тыйым салынғаны туралы хабарланды. Бұл туралы Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орман шаруашылығы қызметкерлері тыйым салуды бұзған кез келген фактілерді анықтау үшін рейдтер жүргізуде.
Ренат Құрмамбаев өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып, орман қорына кірген азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай әкімшілік жаза қолданылатынын еске салды.
Пікірлер