Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Түркістан (77,58%), Ақтөбе (75,69%) және Жетісу (74,09%) облыстарында тіркелді.
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:
Астана қаласы – 42,92%
Абай облысы – 68,22%
Ақмола облысы – 56,08%
Ақтөбе облысы – 75,69%
Алматы облысы – 60,41%
Атырау облысы – 54,16%
Батыс Қазақстан облысы – 55,27%
Жамбыл облысы – 61,92%
Жетісу облысы – 74,09%
Қарағанды облысы – 56,42%
Қостанай облысы – 57,14%
Қызылорда облысы – 71,58%
Маңғыстау облысы – 61,86%
Павлодар облысы – 60,23%
Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%
Түркістан облысы – 77,58%
Ұлытау облысы – 54,61%
Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%
Алматы қаласы – 37,70%
Шымкент қаласы – 44,72%
Пікірлер