Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Президент Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 3 447 депутаттық орынға 10 971 үміткен тіркелген.
Пікірлер