458.13 502.29 5.58
A+ A A-

Арбаға таңылған Маратбек Құзарханұлы өз таңдауын жасады

Арбаға таңылған Маратбек Құзарханұлы өз таңдауын жасады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемендегі №9 орта мектепте I топ мүгедегі Маратбек Құзарханұлы науқаннан шет қалмай, өз дауысын берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәслихат депутаттарын сайлауға №69 сайлау учаскесіне негізінен қарт тұрғындар келіп жатыр. Талтүсте немерелерін ерткен әжелер қарасы көбейді. Осы аралықта Маратбек Құзарханұлы келіп, таңдау жасады. Арбаға таңылған азамат далада көктайғақ болса да, өз бетінше жеткен. Мектеп маңында аталған учаске өкілдері қарсы алып, демеп жіберді. Айтуынша, саяси науқандардан қалмауға тырысады.

– Бүгін дауыс беру үшін өз учаскеме келдім. Сайлауға ылғи қатысамын. Дауыс беру – менің азаматтық жауапкершілігім. Мұндай іс-шараға бейжай қарамауымыз керек. Осы сайлауға қатысып жатқан үміткерлер ел мұңын мінберде көтеріп, көпшілік үмітін ақтайтын азаматтар болсын деймін. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын, – деді тұрғын.

Ол сөз соңында өңір жұртын сайлауда дауыс беруге шақырды. Өзінің қозғалыс мүмкіндігі шектелсе де, үй жағдайында емес, келіп таңдау жасауды жөн көреді.

Асыл АЙТБАЕВ

Фотосурет: Buqara.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив