Облыс орталығында өтіп жатқан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аясында 104 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Светочева өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
№94 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері ардагердің үйіне арнайы барып, оған дауыс беруге мүмкіндік жасады. Осылайша, Анастасия Светочева үй жағдайында азаматтық борышын орындап, өз таңдауын білдірді. Сондай-ақ ол елдің амандығы мен бейбітшілігін тілейтінін жеткізді.
- Мен Өскеменге 1949 жылы көшіп келдім. Содан бері осында тұрамын. Елімізде тек тыныштық пен бейбітшілік болсын. Аман болайық! - деді Анастасия Светочева.
Айта кетейік, ғасырға жуық тарихтың куәсі болған ардагер әр сайлауда белсенділік танытып келеді. Ол бұған дейінгі екі сайлауда да дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірген.
Пікірлер