Қолайлы ауа райында тұрғындар түс ауғанша көптеп дауыс беріп үлгеретін. Бұл жолы көктайғақ аз-кем кедергі жасаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абай даңғылы мен Ғарыш көшесінің жұрты №9 орта мектебіне барып дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскесі өкілдерінің сөзінше, мұнда көбінде егде жастағы тұрғындар келеді.
– Науқан бұл жақта да таңғы сағат 7:00-де басталып, алғаш келгендерге сыйлықтар табыс етілді. Шамамен барлық дауыс берушінің 20 пайызы келді әзірге. Бұған күн райының қолайсыздығы да әсер етуі мүмкін. Жалпы, мәслихат депутаттарын сайлауда қарт тұрғындар үнемі белсенділік танытады. Көбі түстен кейін келеді әдетте, – деді аталған сайлау учаскесінің төрайымы Динара Смағұлова.
Айтқандай-ақ, таңертең келетіндердің көбі жұмыстағы ауысымнан шыққандар. Бала-шағасын ертіп, науқаннан шет қалмауға бекінген. Ал ата-анасының қолынан ұстап, учаскеге келген бүлдіршіндерге тәттілер үлестірілді.
Нұрбек АСҚАРОВ
Пікірлер