Өңірде мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс беру таңертеңнен бері қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Азаматтар отбасыларымен, көршілерімен және достарымен бірге сайлау учаскелеріне келуде. Сайлаушылар арасында алғаш рет дауыс бергендерден бастап ақсақалдарға дейін әртүрлі буын өкілдері бар.
Бақылаушылар процестің тәртібі мен ашықтығын анықтауда.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлық 534 сайлау учаскесінде дауыс беру ұйымдастырылған. Аймақ бойынша сайлаушылар тізіміне 484 350 адам енгізілді.
Пікірлер