458.13 502.29 5.58
A+ A A-

Өскемендегі №50 мектепте сайлау учаскесі ашылды

Өскемендегі №50 мектепте сайлау учаскесі ашылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Белгіленген уақыттан бастап учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттеріне кірісіп, алғашқы сайлаушыларды қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

№1193 сайлау учаскесінің төрағасы Жансерік Ысқақовтың айтуынша, комиссия мүшелері жұмысқа уақтылы кірісіп, дауыс беру процесін ұйымдастыруды бастады. 
– Сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де ашылды. Учаскелік комиссия мүшелері жұмысқа кірісіп, алғашқы сайлаушыларды қабылдады. Қазір келушілер саны біртіндеп артып келеді. Мұны халықтың сайлауға деген белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің көрінісі деп білеміз, – деді Жансерік Ысқақов. 
Айта кетейік, сайлау учаскелері белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп, азаматтар өздерінің дауыс беру құқығын пайдалана алады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив