458.13 502.29 5.58
A+ A A-

Өскеменік егіз сарбаздар сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Өскеменік егіз сарбаздар сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемендегі  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің аумағындағы  №121 сайлау учаскесінде Ұлттық ұланның 600-ден астам сарбазы дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың қатарында 6699 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген ағайынды егіздер Виктор мен Михаил Бризицкий бар. Олар кезектен тыс мәслихат депутаттарының сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, азаматтық белсенділіктерін танытты.

Алматы облысының Қарабұлақ ауылынан шақырылған егіз ағайындылар Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Виктор мен Михаил бір айдан астам уақыт бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери дайындықтың негіздерін меңгерді, жалпыәскери жарғылармен танысып, әскери тәртіпке бейімделді. Өткен аптада ғана Әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын адал атқаруға салтанатты түрде уәде берді.

Енді жас сарбаздар Өскемен гарнизонында орналасқан түзеу мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік міндеттерін атқарады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив