Бүгін 104 жастағы тыл ардагері Қадиша Тұржанова облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бір ғасырдан астам тарихтың куәсі болған Қадиша Тұржанованың ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуы – кейінгі ұрпаққа өнеге. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Пікірлер