A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:05 0

Катонқарағай ауданындағы фестивальге кімдер келеді?

Бүгін / Басты / Катонқарағай / Руханият

10-12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар биыл бұрынғыдан да мазмұнды әрі ауқымды бағдарлама ұсынбақ. Қонақтарды халықаралық айтыс, поэзиялық кездесулер, аламан бәйге, ұлттық спорт түрлері, этномәдени іс-шаралар, қолөнершілер көрмелері және ауқымды гала-концерт күтеді.

11 шілде күні сағат 19:00-де сахна төріне Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Тыва Республикасы және Моңғолиядан келген өнерпаздар шығады. Олардың қатарында Efendi, Jax, Aizana, Алишер Байниязов, Севарахон Туланова, Мурат Япрак, Сүбедей Самдын, Hazina тобы, NOX тобы, Төреғали Төреәлі, Сармат тобы өнер көрсетеді. 

Кештің басты хедлайнері – Димаш Құдайберген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив