«Вайнах» шешен-ингуш хореографиялық ансамблі Алматыда өткен ASSA STYLE «FANTASTIC TALENT» би және шығармашылық фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Байқауға халық және кавказ билерін орындайтын шығармашылық топтар қатысты. «Вайнах» ансамблі шеберлік, ұлттық нақыш, дәстүрлі хореография мен мәдениеттің байлығын көрсетіп, қазылар алқасы мен көрермендерді кәсіби өнерімен баурап алды.
"Зама" қыздар биі, байқаудың ең жоғары марапатын жеңіп алды. “Догу Дог" ерлер биі, байқаудың ең жоғары марапатына қол жеткізсе, "Ламан Аз" топтық биі бірінші орынға ие болды.
ШҚО Қоғамдық келісім орталығының өкілдері өнер ұжымы мен жетекшілерін жеңіспен құттықтады.
Пікірлер