452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Қазақстанға жаңбыр мен дымқыл қар келеді: бүгін қай қалаларда күн суытады

Қазақстанға жаңбыр мен дымқыл қар келеді: бүгін қай қалаларда күн суытады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

5 қарашада Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен дымқыл қар жауады. Ал Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Астанада: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +7…+9°C.

Алматыда: күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C.

Шымкентте: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын жаздық. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі, найзағай ойнап, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ пен үсік болуы мүмкін. Сонымен қатар елдің бірнеше облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив