Баспана бағасы жағынан көш бастаған қала – Астана. Бір шарты метрі – 745 мың теңге. Одан соң Алматы мен Атырау үштікке ілінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Елдегі тұрғын үй бағаларына қатысты дерекпен QazAtlas сайты бөлісті. Соған сенсек, биыл қыркүйек айында елде жаңа үйдің орташа бағасы бір шаршы метріне 626 252 теңге болды. Бір жыл ішінде баспана бағасы 10,9 пайызға өскен.
Жалпы рейтиңге еліміздің 20 қаласы енді. Тұрғын үй бағасы аспандап тұрған қала – Астана. Мұнда бір шаршы метр 745 887 теңге деп бағаланды.
Алғашқы бестікті Өскемен қаласы түйіндейді. Шаһарда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 526 138 теңге деп бекітілді.
1. Астана – 745 887 мың теңге (бір жыл бұрын – 650 133 теңге)
2. Алматы – 739 762 мың теңге (бір жыл бұрын – 648 230 теңге)
3. Атырау – 553 394 теңге (бір жыл бұрын – 504 866 теңге)
4. Шымкент – 544 641 теңге (бір жыл бұрын – 515 346 теңге)
5. Өскемен – 526 138 теңге (бір жыл бұрын – 392 761 теңге)
6. Павлодар – 508 146 теңге (бір жыл бұрын – 454 207 теңге)
7. Талдықорған – 484 558 теңге (бір жыл бұрын – 374 736 теңге)
... 19. Ақтөбе – 356 454 теңге (бір жыл бұрын – 313 948 теңге)
20. Орал – 339 202 теңге (бір жыл бұрын – 299 155 теңге).
Мәліметке зер салсақ, Өскеменде жаңа үйлердің бір шаршы метрге деп белгіленген бағасы бір жылда 9 пайызға қымбаттады.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер