453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Өскемен әуежайы қайта құрылуы мүмкін

Өскемен әуежайы қайта құрылуы мүмкін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін облыс активінің отырысында аймақтағы жаңа әуежайлардың құрылыс қарқыны және Өскемен әуежайын қайта құру туралы талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір екі ауданда әуежай құрылысы жалғасуда. Зайсан ауданындағы әуежай 98,7%-ға дайын. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Катонқарағай ауданындағы әуежай 80%-ға дайын. Барлық құрылыс-монтаж жұмысы биыл аяқталады. 
Сонымен қатар әуе компанияларын тарту және маршруттық желіні дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезеңде ішкі рейстер жоспарланса, кейінірек халықаралық бағыттар дамымақ.
Белгілі болғандай, болашақта Өскемен әуежайын қайта құру жоспарлануда. Бұған терминалды жаңғырту, ұшу-қону жолағын кеңейту және қолайсыз ауа райы жағдайында ұшақтардың қонуына мүмкіндік беретін жабдықтарды орнату кіреді.
Өскеменнен Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Түркістанға ішкі рейстерді іске қосу да қарастырылуда. Бастапқыда бұл бағыттардың шығындары субсидия арқылы төленеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив